Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі көктемгі екі айлық өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 16) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі көктемгі екі айлық 2024 жылдың 1 наурызынан 1 мамырына дейін жариялансын.
2. Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі қалалық штабтың құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық жөніндегі көктемгі екі айлықтың іс-шаралар жоспары 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі көктемгі екі айлықты ұйымдастыруға мекемелер, кәсіпорындар мен жеке және заңды тұлғаларға бекітілген көшелердің тізімі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Исмаилға жүктелсін.