Таразда 75 жаңа аялдама орнатылды

Кез келген қаланың әлеуметтік-экономикалық тіршілігінің тиімді де іркіліссіз жұмыс істеуі үшін жол-көлік инфрақұрылымы жоғары деңгейде болуы қажет. Сонда шаһардағы өмір сүру деңгейі де барынша сапалы әрі қолайлы болмақ. Сондықтан бүгінде Тараз қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше екпін түсірілген.

Әрине, бұл іс тек автобустарды жаңалаумен ғана шектелмесі анық. Қоғамдық көліктер көбейген сайын нақты орны белгіленген, ыңғайлы аялдамаларға деген қажеттілікті де арттыруда.

Тараз қаласын дамытудың 3 жылдық жоспарында бұған да баса мән берілген. Соған орай, былтыр шаһар аумағына 36 дана аялдама орнату үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «RusStroy» ЖШС-мен 21, «Строительная компания NSN» ЖШС-мен 15 аялдама орнату үшін келісімшарт жасалған еді. Сондай-ақ «Жасыл ел-Тараз» ЖШС тарапынан бұрын қолданыста болған 6 аялдама қайта қалпына келтірілді.

Биыл да жалғасын тапқан жүйелі жұмыстардың аясында «DarynKazStroyGroup» ЖШС-мен 75 аялдаманы орнату бойынша келісімшарт жасалды. Тұрғындардың сұранысы бойынша аялдамалар қаланың шет аумақтарына, әсіресе, жаңадан бой көтеріп жатқан шағын аудандарға, тұрғын алқаптарға барынша басымдық берілді

Comments (0)
Add Comment