Тараз тарихын әнмен жеткізген трио

Әулиеата жері десе, құлаққа бір ескі әуен келетіні бар кей-кейде. Әсіресе, ұлттық өнерді жаңғыртып, дала дәстүрін жалғаған «Тараз» триосы сахнаға көтерілгенде көне шаһардың тарихы көмейден сыр болып, жыр болып құйылатындай бір күй. Осындай бір тылсым әсер еріксіз еліктіреді, неге екенін?!

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Өнер және спорт» факультетінің музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінің «Ұлт өнерін өрнектеген» атты «Тараз» триосының кездесу кешінен осындай әсер алдық. Аға оқытушы, кәсіби музыкант Перизат Әбдікерімованың бастамасымен ұйымдастырылған, ән салдырған, ойға қалдырған жүздесу жас өнерпаздардың ойында ұзағырақ сақталары анық.

25 қазан – Республика күніне орай ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында ұйымдастырылған кеште «Тараз» триосының құрамындағы Қазақстанның енбек сіңірген қайраткері, әнші, домбырашы Асылхан Шүңіреков, әнші-сырнайшы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ержан Ыдырысов, әнші-домбырашы, шертерші, дауылпазшы, «Жас қанат» Республикалық эстрадалық әншілер конкурсының жеңімпазы Ноян Сейділдаев жастармен риясыз әңгімелесті.

    

Бұл топ ән қонған Әулиеата жерінде әуелі «Алатау» болып құрылған. Кейіннен «Тараз» триосы болып өзгерген. Ән әлемінде эстрадалық жанр күн өткен сайын түрленіп, естір құлақты жеңіл ән жаулаған кезеңде де дәстүрлі ән өнерін жалғаға өнер иелеріне деген елдің құрметі қашан да ерекше. Жастар да соны сезінді.

Дулати университетінің медиа-қызметі.

Comments (0)
Add Comment