Бүгін өткен жалпықалалық сенбілік көне шаһардың барлық ауданында жүргізілді. Бұл іске мекеме-ұйым қызметкерлері, қалалық жастар ресурстық орталығы еріктілері, оқу орны студенттері және қала тұрғындары қатысты. Кәсіпкерлік нысандары өз аумақтарын қардан тазалап, өз күштерімен шығарды.
Шаһар төріндегі іргелі білім ошағы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қызыметкерлері қар күреуге белсене қатысты. Мұнда қар тиеп, тасуға арнайы көліктер жұмылдырылған.