Тараз түбіндегі жарылыс: Барлық қаза тапқандардың кредиті кешірілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқан азаматтар мен олардың әйелдерінің қарызы кешірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сапарбаевтың айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жамбыл облысы әкімдігімен, банктермен және өзге де қаржылық ұйымдармен бірлесіп, Байзақ ауданында жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларының борыштық жүктемесін азайту бойынша шаралар қабылдады.

«Банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жүргізген жұмыстарымыз нәтижесіз аяқталған жоқ. Төтенше оқиға салдарынан қаза болған азаматтардың – қарыз алушылар мен олардың артында қалған жесірлерінің берешектерін толық көлемде есептен шығару жөнінде бірыңғай шешім шықты. Бүгінгі таңда 47 несие бойынша берешек толығымен өтелді», – деді Сапарбаев.

Ол жергілікті билік бұдан өзге де көмек көрсету шараларын қолға алғанын атап өтті.

Еске салайық, 26 тамыз күні кешке Тараз маңындағы инженерлік оқ-дәрілер сақталатын әскери бөлімнің қоймасынан өрт шықты. Өрт салдарынан онға жуық жарылыс болды. Нәтижесінде 100-ге жуық зардап шегуші ауруханаларға жатқызылды, оның 49-ы төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері. Жарылыстан 17 адам ажал құшты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Сондай-ақ қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.

Comments (0)
Add Comment