Тараз әкімдігі өрттен зардап шеккен тұрғынға көмек көрсетеді

Табалдырықтан аттаған жаңа жылдың алғашқы күнінде сағат 03:03-те Тараз қаласындағы 15-ші ықшамаудандағы (Ұлы дала) №1 үй, 50 пәтердің балконы өртенген болатын. Жалпы аумағы 5 шаршы метрді алған өрт оқиғасы кезінде 5 адам, оның ішінде 2 бала қауіпсіз орынға көшірілді. Тілсіз жау сағат 03:16-да толығымен өшірілді.

Оқыс оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабы «Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде сол аумақтың тұрғыны анықталды. Қазіргі таңда келтірілген шығынның толық көлемі есептелуде.

Бүгін өрттен зардап шеккен тұрғындар қала әкімі Бақытжан Орынбековпен кездесті. Оларды тыңдаған шаһар басшысы тұрғын үйдің қасбетін жөндеуге тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді. Енді бірер күнде жөндеу жұмыстары басталады.

Comments (0)
Add Comment