Тараз өңірлік университетіне жаңа ректор тағайындалды

Киелі Әулиеата өңіріндегі  іргелі оқу орны – М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне Мұхтар Байжұманов ректорлыққа келді.

Мұхтар Қазбекұлы  1965 жылы 3 наурызда дүниеге келген. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолын мектепте математика мұғалімі болып бастаған. Одан кейін 1991 жылдан 1997 жылға дейін Талдықорған мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, декан қызметтерін атқарды.

1997-1999 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, 1999-2001 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде аға оқытушы, 2001-2010 жылдарда Білім және ғылым министрілігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде бас маман, бөлім және басқарма басшысы, комитет төрағасының орынбасары, 2010-2012 жылдары аталған комитеттің төрағасы болды.

 2012 жылғы ақпаннан бастап Азаматтық авиация академиясының ректоры қызметін атқарып келді.

Comments (0)
Add Comment