Тараз қаласының аумағында «Тараз» ӘКК» АҚ-да 100 пайыз сенімгерлік басқаруымен «Тараз» индустриялық аймағы ЖШС-і жұмыс істеуде. Оның жалпы ауданы 184 гектарды құрайды. Облыс орталығының болашақтағы дамуын ескере отырып бекітуге ұсынылған Тараз қаласының жаңа бас жоспарында шаһардың батыс бөлігінен Шөлдала алқабына барар жолда 1 150 гектар жерді, Аса ауылына шыға берісте 500 гектар жерді химиялық индустриалдық аймаққа, Асқаров көшесі соңындағы Элеватор маңынан 13 гектар жер агроөнеркәсіптік кешенге белгіленіп отыр. Сонымен қатар, 1 847 гектар алқап шаһардың өндірістік әлеуетін көтеру үшін индустриалдық аймаққа беріледі. Бүгінгі таңда 74 миллиард теңгеге жалпы көлемі 57,1 гектар аумақта 7 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішінде 2023 жылы құны 822 миллион теңге болатын 4 жоба іске қосылады деп күтілуде. Олардың қатарында «ТВ Alloys KazakhLimited» (инвестор Индия) – Ферросилиций өндіретін зауыт салу, «НУР ХИМ 2021» ЖШС – Трикотаж және тігін бұйымдарын өндіруге арналған зауыт салу, «НУР ХИМ 2021» ЖШС – Минералды тыңайтқыштар зауытын салу, «Аскар-Тау НC» ЖШС – Түрлі фракциялы асфальтбетон қоспасын, битум эмульсиясын және қара қиыршық тасты өндіру зауытын салу, «Jeti bulaq» ЖШС – Битум эмульсиясы зауытын, «Мамешова Айгуль Бекеновна» ЖК – Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіретін зауыт салу, . «Eco Energy Plant» ЖШС – Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) қайта өңдеу зауытын салу жобалары бар.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің кіші индустриалды аймақтардың құрылысын қолдау бағдарламасымен «Кемел» тұрғын алқабы маңынан көлемі 28 гектар болатын «Кіші индустриалды аймақ» құру жоспарлануда. Сондай-ақ, Жамбыл ауданының Тараз қаласына қосылатын аумағынан аталған 28 га жермен жалғасып жатқан жерден 32 гектар жер резервке белгіленді.
Бүгінгі таңда жалпы құны 3,3 миллиард теңгені құрайтын қызығушылық танытқан 26 жоба анықталып отыр (жеңіл өнеркәсібінде 7 жоба, жиһаз өнеркәсінде 10 жоба, тамақ өнеркәсінде 5 жоба, құрылыс материалдарын дайындау өнеркәсібінде 4 жоба). Кәсіпкерлерді тарту жұмыстары әрі қарай да жалғасын табады.
Бұған қоса ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 10,9 миллиард теңгеге 504 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде пайыздық ставкаларды субсидиялау тетігімен 8,5 миллиард теңгеге – 306, «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 2,4 миллиард теңгеге 198 жоба кепілдендірілді. Ал, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 1 жоба 700,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.