«Тараз» индустриалды аймағында 2024-2026 жылдары жеке инвесторлар тарапынан құны 82,1 млрд теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылмақ. Олар – «Нур Хим 2021» ЖШС,«Аскар-Тау НC», «Jeti bulag», «Eco Energy Plant», «Taraz Gelatin», «Эко РБК», «Kaz Pro Temir» серіктестіктері мен «Мамешова Айгуль Бекеновна» жеке кәсіпкерлігі қолға алып отырған жобалар. Аталған баянды бастамалар өнеркәсіп көлемін өрістетіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашпақ. Осылайша жобалардың жұмыссыздық мәселесіне де тигізер пайдасы орасан болғалы тұр.