«Тараз халвасы» ЖШС-ның ұжымымен кездесу өтті

Жібек жолы ауданында құрылған жұмысшы топ  «Тараз халвасы» ЖШС-ның ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға ҚР Конституциясының жаңа жобасы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Елдің жаңа Негізгі заңының жобасы қоғамда кең ауқымды талқылау мен сараптамалық қараудан өткен маңызды құжат екені айтылып, оның мәтінінде көптеген бөлімдер мен баптар қайта қаралып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өзгерістер қарастырылғаны атап өтілді.

Сонымен қатар бұл құжат елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған стратегиялық бағдар екені, онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі қамтамасыз етуге арналған маңызды реформалар қамтылғаны жеткізілді.

Comments (0)
Add Comment