Тараз ХҚО-да заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау орталығы (ӨҚО) жұмыс істеуде

«Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы кеңсесіне заңды тұлғалардан жолданған құжаттарды қабылдауды оңтайландыру мақсатында, барлық ХҚО бөлімдерінде заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау орталығы жұмыс істеуде.
«Енді заңды тұлғалар құжаттарын өткізу үшін филиалдың кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Қаладағы кез-келген ХҚО-ларға жүгінсе болады. Айта кету керек, қазіргі уақытта электрондық үкімет порталында резидент еместер үшін басшының өзгеруі, орналасқан жерінің өзгеруі базаға электрондық хабарлама негізінде, автоматтандырылған режимде енгізілмейді. Сол себепті, қалалық №1 ХҚО-да өтініш қабылдау орталығы ашылып, 1 жұмыс орны ашылып, 1 оператор жұмыс істеуде» – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Батырхан Тоқтағұл.
Атап айтқанда, заңды тұлғалардан жолданған құжаттардың келесі түрлері бойынша хабарлама сипатындағы қызметтерді көрсету ХҚО-ларда жүзеге асады.
1) заңды мекенжайының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама
2) заңды тұлға басшысының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту туралы хабарлама
4) заңды тұлғаның Экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы хабарлама
5) басшы мен құрылтайшының дербес деректерінің өзгергені туралы хабарлама (т.а.ә. өзгеруі)
6) заңды тұлғалардың тіркелген заңды тұлға туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты сұрау салулары.
Жоғарыда көрсетілген қызметтер хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады, тіркеу алымын төлеу көзделмеген.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңының 14-2-бабына сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар:
1) акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген жағдайда;
2) басшы өзгерген (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау, басшыны лауазымынан шеттету);;
3) осы Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады;
4) жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру;
5) шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталын ұлғайту;
6) Экономикалық қызметтің негізгі түрінің өзгеруі;
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар осы бапта көзделген құжаттарды қоса бере отырып, электрондық хабарлама негізінде енгізіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша филиалы

Comments (0)
Add Comment