Тараз бен Ош шаһарларының ынтымақтастығы

Тараз қаласы әкімдігінің өкілдері Қырғыз Республикасының Ош қаласына іссапармен барып, қала мэрінің бірінші орынбасары Исаев Марс Асанович бастаған мэрия өкілдерімен кездесті.


Кездесу барысында екі қала арасындағы мәдени-экономикалық байланыстар мен ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.

Жиында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов қырғыз-қазақ бір туған халық екендігін айтып, көне Тараз бен Ош қаласы арасындағы достықты бекемдеп, өзара келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге ниетті екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, Қырғыз Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

Comments (0)
Add Comment