«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және мемлекеттік пәтерлерді бөлу» мемлекеттік қызмет түрін жүзеге асыру аясында, «Kеzekte.kz» электрондық жүйесі арқылы тиісті талаптарды орындау барысында 1414 (Кол центр) ұялы телефондарыңызға (оның ішінде барлық отбасы құрамын қосқанда) дербес деректерді көру мақсатында СМС-хабарлама келіп түскен кезеңде міндетті түрде дер кезінде жауап жіберулеріңіз қажет екенін ХАБАРЛАЙМЫЗ.
Себебі көрсетілген талап, Сіздердің кезектіліктеріңізді сақтау барысына өз әсерін тигізетіндігін баяндаймыз.
Тараз қаласы әкімдігінің
тұрғын үй қатынастары бөлімі