Тараз қаласының әкімі қанша теңге жалақы алатынын айтты

Сондай-ақ шаһар басшысы оның отбасына тиесілі бизнес нысандар туралы да ақпарат берді, деп хабарлайды Экспресс К.  

Тараздың әкімі Бақытжан Орынбеков журналист Асхат Ниязовқа сұхбат берген. Әңгіме барысында қала басшысы бірқатар маңызды мәселелермен қатар өзінің жалақысы туралы да айтып беріпті. 2 ай бұрын осы қызметке тағайындалған оның айлығы 1 080 000 теңге екен.

Барлық алым-салықты есептегенде мен қолыма таза 890 мың теңгедей аламын. Бұл мемлекеттің тағайындаған жалақысы,— дейді ол.

 

Сондай-ақ Бақытжан Орынбеков отбасына тиесілі бизнесі туралы да айтты. Өйткені қаладағы бірнеше ресторанның әкімге қатысы бар екенін тұрғындар біраз уақыттан бері айтып жүрген еді. Әкімнің сөзінше, «Тойқазан» атты мейрамхана расында да оның отбасыныкы. Нысан оның анасына, әйеліне және қызына тиесілі екен. » Бұл олардың жеке бизнесі, менің ол жерге еш қатысым жоқ және де әкім ретінде ешқандай көмек не жеңілдік көрсетпеймін», — деді Орынбеков.

Comments (0)
Add Comment