Тараз қаласындағы NIS қайта аккредиттеуден сәтті өтті

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS қайта аккредиттеуден сәтті өтіп, Council of International Schools (CIS) сертификатына ие болды. Бұған дейін мектеп өз мәртебесін растайтын халықаралық статусты 2018 жылы алды.

Сәуір айының 6-12 аралығында әлемнің 7 елінен келген Халықаралық мектептер кеңесінің өкілдері сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, оқушылар, мұғалімдер және ата-аналармен кездесті, мектеп өмірінің барлық тұсын – оқыту сапасынан бастап оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дейінгі жұмысты жан-жақты бағалады.

Нәтижесінде CIS сарапшылары мектептің өзгеруге қабілеттілігін, педагогикалық ұжымның үздіксіз дамуы және білім мен тәрбие берудің ең жоғары сапасына қол жеткізуге дайындығын ерекше атап өтті.

Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) – білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен жоғарғы стандарттарды одан әрі ілгерілету үшін құрылған әлемдегі танымал ұйымдардың бірі.

Жанерке ЖАНҰЗАҚ,
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Comments (0)
Add Comment