Бүгінде Тараз қаласында 652 спорт ғимараты жұмыс істейді, оның 506-сы мемлекеттік, 146-сы жекеменшік, 346-сы білім беру мекемелерінде орналасқан, бұл спорт объектілерінің жалпы санының 53,1%-ын құрайды
Азаматтарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануын ұлғайту, барлық жастағы және санаттағы халықтың бос уақытына бағдарланған спорттық өмірді жандандыру мақсатында 2021 жылғы 22 қыркүйектен бастап бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы ашылды, оның теңгеріміндегі қызмет атқаратын 35 кіші футбол алаңшаларында 7 925 балаларды, жасөспірімдерді, жастарды және ересек тұрғындарды қамтылуда, онда 35 нұсқаушы және 105 күзетші жұмыс істейді.
Жыл сайын барлық кіші футбол алаңшары үшін ойын қақпаларына футбол торлары жаңартылып, доптар сатып алынады, жыл басынан жүйелі шұғылдану кестесі бекітіледі, оған сәйкес сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін мектеп жасындағы балалар, сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін жастар мен ересектер үшін қолжетімді.
Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру
және спорт бөлімі