Ағымдағы жылдың 14 қазанында сағат 09:00-ден бастап Жамбыл облыстық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Тараз қаласының «Әулие- Ата» халықаралық әуежайында(Әуежай көшесі, н/ж) «Дабыл-Антитеррор -2022» жедел-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының шұғыл ден қою және терроризмнің шартты актісінің жолын кесу, сондай-ақ оның салдарын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауға практикалық дағдыларын пысықтау болып табылады.
Жаттығу мүмкіндігінше әр түрлі күрделі элементтері бар жауынгерлік жағдайларға сай ұйымдастырылған.
Оқу-жаттығу шеңберінде Тараз қаласының әуежайы ауданында автокөлік құралдарының қозғалысын шектеу жөніндегі шаралар көзделген.
Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Жамбыл облыстық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы