Тараз қаласы тұрғындарының назарына

Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне сәйкес келесі санаттарға тұрғын үйді газдандыру шығындарын өтеуге бір реттік көмек қарастырылды:
– жалғызілікті жасы бойынша зейнеткерлерге;
– мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға;
– толық емес отбасылара;
– көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға;
– басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
– жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына.
Әлеуметтік көмек меншік иесінің және отбасы мүшелерінің меншігінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда және отбасының табысы үш еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (ІV тоқсан- 170475тг) аспаған жағдайда төленеді.
Өтініш иесі нақты газдандыру бойынша жұмыстар аяқталған күнінен 3 (үш) айдан кешіктірілмей Бөлімге тиісті құжаттарды тапсыру қажет.

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Comments (0)
Add Comment