Тараз қаласы мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №7-6 шешіміне сәйкес (С00-97 код) қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастарға 25 АЕК (69 000 тг) көлемінде отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 2 КД (97 960 тг) аспаған жағдайда бірреттік әлеуметтік көмек қарастырылған.
Әлеуметтік көмекті алу үшін Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне белгіленген үлгідегі өтінішпен дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын, отбасы мүшелерінің табысын және екінші деңгейлі банктердің 20 сандық есепшотымен жүгіну қажет.
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі