Тараз қаласы прокуратурасы алғашқы жартыжылдықты қорытындылады 

Қадағалау шараларымен 108 013 (оның ішінде 4 757 конституциялық) тұлғаның құқықтары қорғалды. Жалпы 612,7 млн. теңге залал өтелсе, оның ішінде 72,6 млн. теңгесі мемлекет кірісіне, 85,5 млн. теңгеге мемлекетке мүліктер қайтарылды.

299 тұлға түрлі (212 тәртіптік және 87 әкімшілік) жауаптылыққа тартылып, уәкілетті органдардың 297 актісі заң талаптарына сәйкестендерілді. Талдау-тексеру жұмыстары нәтижелерімен 2 құжат бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жүзеге асырылуда.

Экономика саласында негізсіз жоспарланған 2,07 млрд. теңгеге бюджет шығыстарына түзетулер енгізіліп, әлеуметтік бағыттарға қайта бөлінуі қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік қорға құны 84,9 млн. теңге болатын 139 жер учаскесі қайтарылды. Қадағалауды жүзеге асыру барысында ардагерлердің бірінші кезектілікпен жерлерді иемдену құқықтары заңсыз шектеліп, жалпы кезектілікке қойылу фактісі анықталды. Мысалы, тәжік-ауған учаскесі ардагері А.Айтқұлов жер учаскесін алуға №103223 ретінде кезекке қойылған. Қадағалау актісі негізінде құқықтары шектелген жалпы кезектегі 29 ардагерлерге жеке тұрғын үй салу үшiн кезектен тыс жер учаскелерi берілді.

Қабылданған шаралармен 583 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Мысалы,кәсіпкерлермен кездесу барысында ағымдағы жылы айлық есептік көрсеткіш пен басқа да маңызды коэффициенттердің өскеніне қарамастан, жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда өзгермегені анықталды.

Қала прокуратурасы талдауының нәтижесінде енгізілген қадағалау актісі негізінде жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер енгізіліп, қаржыландыру көлемі 1,5 млрд. теңгеге ұлғайтылып, қайта есептеулер қорытындысымен кәсіпкерлерге 750 млн. теңгеден астам төленді. Нәтижесінде 230 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, оларда жұмыс істейтін 2 100-ден астам жұмысшы жалақыларының өсуіне ықпал жасалды.

Қадағалау актісі бойынша 215 қызметкерге 392,5 млн. теңге сомасында жалақы төленіп, 498 жұмысшы арнайы киімдермен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

Тараз қаласының прокуратурасы

Comments (0)
Add Comment