Сламбекова Улана Сламбековна
Тараз қаласы әкімінің орынбасары
(ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар сұрақтары бойынша) болып тағайындалды.
Сламбекова Улана Сламбековна 1984 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қызметкерлерді басқару» мамандығы бойынша бітірген.
2006 – 2023 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманынан бастап, бөлім басшысының қызметтерін атқарған;
2023 – 2024 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы;
2024 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
2024 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.