Тараз қаласы әкімінің өкімімен Нұрдос Болатұлы Сембек қала әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Нұрдос Болатұлы 1993 жылы 4 сәуірде Талас ауданында дүниеге келген.
2011-2015 жылдары – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2013-2019 жылдары «Қазақстан» РТРК» Жамбыл облыстық филиалы «Jambyl» телеарнасында редактор-диктор, тележүргізуші;
2019-2020 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің баспасөз хатшысы;
2020-2021 жылдары «Әулие-ата» медиа-холдингі ЖШС-де SMM бөлімінің басшысы;
2021 жылы «Taraz Post» ақпарат агенттігінің атқарушы директоры;
2021-2023 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі;
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Үйленген, бір баланың әкесі.