«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, 2021 жылдың 1-12 ақпан аралығында қала әкімі 2020 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдында онлайн есепті кездесулерін өткізді.
Қаланың 11 аумақтық округтерінде өткізілген есепті кездесулерге барлығы 3550 адам қатысты. Есепті кездесулер барысында Тараз қаласының тұрғындары тарапынан 89 ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Көтерілген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында қала әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы №712 қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, 13 сұрақ бақылауға алынды.
Бүгінгі күнге 3 мәселе орындалды:
1) Тұрақты қалалық №27 автобус бағыты бойынша қызмет көрсетуші мекеме «ТаразТрансМоторс» ЖШС-нің басшылығына автобустардың санитарлық тазалығын, карантиндік талаптардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылып, аталған бағыттағы автобустардың тәртіп пен жол жүру ережелерінің сақталуы тұрақты бақылауға алынды.
2) Әл-Фараби көшесінің бойындағы арық жүйелеріне тазалық жұмыстары жүргізіліп, арық жүйелері тазартылды.
3) «Самал» (7) шағын ауданындағы «Молочная кухня» дүкенінің маңында орналасқан көпірдің темірлері сырланып, темір көпір бетіне резеңке төсеніш төселінді.
Қалған сұрақтардың орындалуы тұрақты бақылауда.
Аманғали Мейірхан,
Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы