Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесінің басшысы тағайындалды

Айгерім Алимбетова – Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесінің басшысы

1986 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
2008 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қазақ тілі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:
Алғашқы еңбек жолын 2008 жылы Тараз қаласы әкімі аппаратының инспекторы болып бастаған.
2008 – 2009 жылдары Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру- кадрлар және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы;
2009 – 2020 жылдары Тараз қаласы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы;
01.09.2020 жылы Тараз қаласы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас инспекторы;
2023 жылы 7 қыркүйегінен қала әкімінің №320-ж/қ өкімімен Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесінің басшысы болып тағайындалды.

Comments (0)
Add Comment