Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің «Сервистік әкімдік» кеңсесі арқылы жер қатынастары мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтер ұсынылады. Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни келушілер қажетті қызмет түрін бір жерден ала алады.
Жобаның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлықты болдырмау. Сонымен қатар тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасау, ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алуы.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес, жер қатынастары саласында келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
3) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес, «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
4) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес, «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
5) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес, «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
6) осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
7) осы бұйрықтың 17-қосымшасына сәйкес, «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Жалпы, бөлім І жартыжылдықта электрондық түрде барлығы 3 178 мемлекеттік қызмет көрсеткен.
Жергілікті тұрғындарды жер қатынастары саласында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер туралы хабарландыру мақсатында бөлімнің «Facebook» және «Instagram» парақшаларына, жергілікті БАҚ құралдарына 425 жарияланым жасалған, жұмыстар ары қарай жалғасуда.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қолжетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпараттық стенд (қағидалалар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.) орналастырылған.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі көрсететін мемлекеттік қызметтер қағидалары, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты Тараз қаласы әкімінің ресми сайтында, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің парақшасындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында орналастырылған.
Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.
Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Jambyl-Taraz» газетіне «Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында бірқатар мақала және көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесі басшысының қатысуымен жұмыс кеңестері өткізілді.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі