Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну (АПЗ-СЖТ)
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі: www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1)техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ) және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарды (бұдан әрі – техникалық шарттар) беруге – 6 (алты) жұмыс күні; жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға – 15 (он бес) жұмыс күні.
2) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі: СЖТ және техникалық шарттарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға – 17 (он жеті) жұмыс күні.
3) Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды және рұқсат беру құжаттарын алу үшін өтінішті қарау мерзімі – өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні. Дәлелді бас тарту –5(бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 1-топтама) алу бойынша – СЖТ, тік жоспарлау белгілерін, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмесі, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттар, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларының электрондық көшірмелері;
СЖТ және техникалық шарттарды (бұдан әрі – 2-топтама) алу бойынша – СЖТ және техникалық шарттардың электрондық көшірмелері; тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 3-топтама) алу бойынша – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ЖАО шешімінің, СЖТ, техникалық шарттар (көрсетілетін қызметті алушы сауалнама парағын ұсынған жағдайда), сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларының электрондық көшірмелері; осы стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді бас тарту. Портал арқылы мемлекеттік қызметке жүгінген кезде мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі: www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: электрондық хат – эскизді (эскиздік жобаны) келісу не стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
«Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру».
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі: www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге және порталға арқылы өтініш берген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге және портал арқылы өтініш берген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 10 (он бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру немесе осы стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Тараз қаласы әкімдігі