Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қысқа және орта мерзімді гранттар конкурсына қатысуға шақырамыз!

Қысқа мерзімді гранттар саны: 4

Орта мерзімді гранттар саны: 1

Біз төмендегі басым бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз:

  • Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу
  • Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін дамыту және нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру
  • Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру
  • Отбасы институтын нығайтуға және гендерлік саясатты іске асыруға  бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу
  • Тараз қаласында тұрғындардың әлеуметтік мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу

Өтінім қабылдау мерзімі:

  • Қысқа мерзімді гранттар бойынша 15 (он бес) жұмыс күні ішінде 2026 жылғы 9 ақпан мен 27 ақпан аралығында сағат 18:30-ға дейін;
  • Орта мерзімді  гранттар бойынша 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде 2026 жылғы 9 ақпаннан 6 наурызға дейін сағат 18:30-ға дейін.

Қатысуға тек деректер базасында тіркелген ҮЕҰ-лар рұқсат етіледі.

Конкурс және жобаларға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты cisc.kz сайтынан «Гранттар»⇒«Гранттар туралы хабарламалар» бөлімінен алуға болады.

☎️Байланыс үшін:

  • +7 (702) 984 98 06
  • +7 (7172) 79 04 31
  • +7 (7172) 79 08 07
Comments (0)
Add Comment