Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан облыстық турнир аяқталды.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Тараз қаласы әкімдігінің командасы, 2-орынды Байзақ ауданының құрама командасы, 3-орынды аумақтық инспекция иеленді.
Айта кетейік, теңбіл доп додасына өңіріміздің жергілікті атқарушы органдары мен орталық атқарушы органдардың өңірлік бөлімшелерінен жалпы 19 команда қатысты.