Тараз қаласы аймақтары бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен тасымалдауды жүзеге асыру құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

1. Тараз қаласы аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын нарық қатысушыларын айқындау бойынша «Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі конкурс (тендер) ұйымдастыруда.
Конкурс қатысушылары қажетті құжаттарын 2025 жылдың 23 сәуірінен 7 мамырына дейін (сағат 18:30-ға дейін) Тараз қаласы, Төле би даңғылы, № 57 «Б» мекенжайы бойынша «Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсыну қажет.
2. Қызмет көрсету аймағының шекаралары конкурстық (тендерлік) құжаттаманың 1-қосымшасында лоттар бойынша көрсетілген.
3. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде арнайы автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
4. Анықтама алу үшiн телефон: 8(726)2 54-82-32.

Comments (0)
Add Comment