Тараз қаласы 1-полиция бөлімінің бастығы тағайындалды

Жамбыл облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзиннің бұйрығымен Тараз қаласы Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің бастығы лауазымына Алиев Нариман Көкішұлы тағайындалды.
Полиция полковнигі Нариман Алиев ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 1993 жылы патрульдік қызметтің милиционері лауазымынан бастаған. Сондай-ақ түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс жасаған, тергеу, жедел қызметтерде тәжірибесі мол қызметкер.
Қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасында қызмет атқарды.

Comments (0)
Add Comment