Тараз қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы тағайындалды

Тараз қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы тағайындалды

Мульдеков Ғани Имашұлы Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Ғани Мульдеков 1963 жылы 12 сәуірде Жамбыл облысы Жамбыл қаласында туған.

Білімі – жоғары.

Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл қаласының №11 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Мемлекеттік қызметті 1994 жылы Жамбыл қаласы бойынша салық инспекциясының бас маманы ретінде бастап, әр жылдары бөлім бастығының орынбасары, аға салық инспекторы, бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған;
2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу басқармасының бас сарапшысы болып қызмет атқарған;
2022-2025 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру секторының меңгерушісі лауазымын атқарды.

2025 жылғы 5 наурызынан бастап Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Comments (0)
Add Comment