Тараз қаласы №1 2023 жылғы 7 маусым
сағат 16.00
Төрағалық етуші: М.Жұманқұлов
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысының нормаларына сәйкес және Тараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғни «Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» ұсыныстың негізінде, тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы ұйымдастырылды.
Жұмыс тобының жетекшісі:
М.Жұманқұлов – заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Жұмыс тобының мүшелері:
Н.Мауленов – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Ә.Жапарова – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Н.Ақүрпеков – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Э.Абдинова – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Ә.Даулетбаева – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Б.Маймышев – Тараз қалалық мәслихатының депутаты.
Шақырылғандар:
Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Тараз қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, қалалық әкімдіктің бөлім басшылары, бас инспекторлары, Тараз қаласының тұрғындары және БАҚ өкілдері.
КҮН ТӘРТІБІ:
Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.
Баяндама жасау үшін сөз Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тоқсанбаева Бақыт Тілегенқызына берілді.
Баяндаушы – Б.Тоқсанбаева:
Тараз қаласындағы бірқатар мағынасы ескірген және атауы жоқ көшелерге тарихи тұлғалар, жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен атау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағида» талаптарына сәйкес тұрақты комиссияның қарауына ұсынып отырмыз.
Жалпы атау беру, қайта атау мәселесі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізіміне сәйкес жүргізіледі.
Атап айтқанда:
Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы ұсыныстар:
«Шалғай Қарасу» алабындағы 1 – көше – Қорқыт ата көшесі;
Жилкооперация көшесі – Иманжүсіп Құтпанұлы көшесі;
Жилкооперация 1 – тұйық көшесі – Иманжүсіп Құтпанұлы 1 – тұйық көшесі;
Жилкооперация 2 – тұйық көшесі – Иманжүсіп Құтпанұлы 2 – тұйық көшесі;
Жилкооперация 1 – өтпе жолы – Иманжүсіп Құтпанұлы 1 – өтпе жолы;
Жилкооперация 2 – өтпе жолы – Иманжүсіп Құтпанұлы 2 – өтпе жолы;
Жилкооперация кірме жолы – Иманжүсіп Құтпанұлы кірме жолы;
Фресно көшесі – Шәкен Ниязбеков көшесі;
Фресно 1 – тұйық көшесі – Шәкен Ниязбеков 1 – тұйық көшесі;
Фресно 4 – тұйық көшесі – Шәкен Ниязбеков 4 – тұйық көшесі;
Фресно 5 – тұйық көшесі – Шәкен Ниязбеков 5 – тұйық көшесі;
Фресно 6 – тұйық көшесі – Шәкен Ниязбеков 6 – тұйық көшесі;
Фресно 8 – тұйық көшесі – Шәкен Ниязбеков 8 – тұйық көшесі;
Фресно 9 – тұйық көшесі – Шәкен Ниязбеков 9 – тұйық көшесі;
Фресно 14 – тұйық көшесі – Шәкен Ниязбеков 14 – тұйық көшесі;
Фресно 9 – өтпе жолы – Шәкен Ниязбеков 9 – өтпе жолы;
Трудовой 3 – тұйық көшесі – Әлмұхан Исақ көшесі;
Трудовой 4 – тұйық көшесі – Әлмұхан Исақ тұйық көшесі;
Автомобиль көшесі – Мейіржан Айманов көшесі;
Автомобиль 1 – тұйық көшесі – Мейіржан Айманов 1-тұйық көшесі;
Автомобиль 2 – тұйық көшесі – Мейіржан Айманов 2-тұйық көшесі;
Автомобиль 3 – тұйық көшесі – Мейіржан Айманов 3-тұйық көшесі.
Сіздердің тараптан қолдау тапқан жағдайда тиісті құжаттар жинақталып, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.
Комиссия көпшілік тыңдауға қатысушылардың тарапынан айтылған ұсыныс, пікірлерді ескере отырып, жұмысшы топ мүшелері, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылдау үшін дауыс берді.
Қолдағандар – 7 . Қарсы – жоқ. Қалыс – жоқ.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көпшілік тыңдауы бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі, ұсыныс беруші, яғни Тараз қаласы әкімдігіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және т.б.) жүргізу үшін жолдансын.
2. Көпшілік тыңдаудың хаттамасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Тараз қалалық мәслихатының сессиясының және Тараз қаласы әкімдігі отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жолдансын.
Жұмыс тобының жетекшісі: М.Жұманқұлов
Жұмыс тобының мүшелері:
Н.Мауленов
Ә.Жапарова
Н.Ақүрпеков
Э.Абдинова
Ә.Даулетбаева
Б.Маймышев
Жұмыс тобының хатшысы: Г.Мұсаева