Тараз қалалық мәслихатының шешімі

2023 жылғы 4 мамырдағы                                                                                                                  №3-3

Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №9-5 «Тараз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тараз қалалық мәслихатының «Тараз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №9-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3184 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тараз қаласында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тараз қаласында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тараз қалалық мәслихатының төрағасы                                                                                                                  К.Олжабай

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 11.05.2023
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 5019 болып енгізілді

Comments (0)
Add Comment