Тараз қалалық мәслихатының кезекті 19 сессиясы 2024 жылғы 6 қыркүйек күні, сағат 10:00-де өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. Қала объектілерін жылу беру маусымына дайындау барысы туралы.
2. Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
3. Әртүрлі.
Депутаттарды тіркеу 2024 жылдың 6 қыркүйек күні, сағат 09:30-да басталады.
Тұрақты комиссиялардың отырысы 2024 жылдың 5 қыркүйек күні, сағат 15:00-де өтеді.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезекті 19 сессиясын «Тараз қалалық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Тараз қалалық мәслихатының төрағасы К. Олжабай