Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6-тармақшасына, 22-бабына және 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Тараз қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 1-тармағына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты депутатын сайлау бойынша №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шекарасы және Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы мен Тараз қалалық мәслихаты депутатын сайлау бойынша №19 округтік сайлау комиссиясының орналасқан жерлері туралы хабарлайды:

Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері – Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 116 «А» үй, 18-пәтер.
Тараз қалалық мәслихаты депутатын сайлау бойынша №19 округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері – Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 77. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы» КММ
Тараз қалалық мәслихаты депутатын сайлау бойынша №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шекарасы – №28, №32, №55, №58, №59, №100, №112 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

Comments (0)
Add Comment