Таразға көрік берген «Тектұрмас»

Еліміздің жер-жерінен осы күнге дейін сақталып келе жатқан бірнеше мәдени ескерткіштерді кездестіруге болады. Соның бірі халқымыздың басына төнген қауіптен бұзылып, уақыт өте келе қайта қалпына келтірілген, егемендік алған соң, мәдени мұраларымыз бен тарихи ескерткіштерімізге көңіл бөлініп, оларды қайта жаңғыртты.

Еліміздегі тарихи-сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру бойынша, оларды зерттеп, зерделеу үшін де көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар іске асырылды, әлі де асырылуда. Соның бірі – Қазақсанның киелі 100 нысаны болып келеді. Міне, осы жобаның тізімінде Тараз төңірегінде орын тепкен Тектұрмас сәулет ескерткіші де бар. Аталған кешен шамамен Х-ХІV ғасырларда қаланың оңтүстік-шығысына қарай, Талас өзенінің жағасында бой көтерген. Бұл кесене негізінде Сұлтан Махмұт ханның бейітінің үстіне салынған. Алғашқы ескерткіштің  сыртқы көрінісі туралы былай айтылады: астыңғы бөлігі төрт бұрышты, ал үстіңгі жағы күмбезді, күйген кірпіштен қаланып, есігі Тараз қаласына қаратылған. Бұл кесене ұзақ уақытқа дейін бұзылмай тұрған. Себебі, бізге ХІХ ғасырдың 80-жылдарындағы ескерткіштің фотосуреті жеткен. Тектұрмас кесенесі бірінші рет ХІХ ғасырдың екінші жартысында зерттелді. Оның орнын тапқан шығыстанушы ғалым Василий Каллаур болған. Осыдан кейін-ақ, бұл көне ескерткішке басқа да зерттеушілердің көзі түсіп, соған орай арнайы жұмыстар жүргізіле бастады.

Енді «Тектұрмас» атауы қайдан шыққанына көз жүгіртейік. Кесененің ерекше «Текұрмас» атауына байланысты бірнеше деректер кездеседі. Оның бірі филолог ғалым Ж.Дәдебаевтың айтуынша, Тектұрмас атаның азан шақырып қойған аты Сұлтан Махмұт екен. Оны өз дәуірінде хан сарайындағы бек қызметіне ұсынғанда, бас тартқан. Бектіктен бас тартқан соң, халық оны Тектұрмас деп атап кетеді. Сұлтан Махмұт көп ұзамай дін жолына түсіп, әулие атанады. Оның әулиелігіне көзі жеткен халық мазарының басына келіп, шырақ жағып, құрбандық шалып, тілек тілеген. Тіпті, балаға зар әйелдер келіп, түнейтін орын болыпты. Бұл әулие жайында айтылған әңгімелердің бір парасы ғана. Бір аңыздa Тeктұрмac Қapaхан дәуipiнде әскepбaсы болып, қызмет етіпті. Ол қызмет бабымен халық жиналған көп орындарға барып, жолаушыларды түгелімен тексереді екен. Күдікті жайтқа куә болса, арнайы шара қолданып, адамдарды жазалап отырған.

Жалпақ жұрт Тектұрмастың әулиелігіне шын сенеді. Бар ынтасымен барған адамның тілегі қабыл болады деген түсінік бар.

Әсем САНСЫЗБАЕВА
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Журналистика мамандығының 4 курс студенті

Comments (0)
Add Comment