Танымал сәнгер Лилия Рах әнші Димаш Құдайбергеннің сахналық стилін сынға алды. Сәнгердің пайымынша, Димашқа стилистермен көбірек жұмыс істеу керек. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі «Алматы» арнасының Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Димаш Құдайбергенге стилист керек деп ойлаймын. “Mezzo” тобының жігіттері жарады. Олардың қазір өз стилистері бар. Сахнада орыс стилистер қосымша өзгеріс енгізді. Ол «Жаңа толқынның» талабы болды. Бірақ жігіттер стилистердің қажеттілігін түсінеді», – деп мәлімдеді Лилия Рах.
Жақында сән көрсетілімінде өзінің топтамасын ұсынған Лилия Рах сәнге деген көзқарасы жайлы да айта кетті.
«Мен үшін сән деген – өнер, сұлулық, стиль, өмір. Сән деген сұлулықтағы өмір. Маған сеніңіздер, ол өмірді ұзартады», – деді Лилия Рах.