Танымал ресейлік кино және театр актері Максим Дрозд көпшіліктен ауруханада жатқан ұлы үшін дұға етуді сұрады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ұлым ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Оның жазылып кетуі үшін дұға етіңіздерші», – деп жазды актер өз Instagram парақшасында.
Максим болған оқиғаның мән-жайын айтпады. Десе де, 20 жастағы Егор Дроздың ауруханаға не себепті түскенін анықталған.
Сенбі күні кешке Мәскеудің батысында Егор Дроздың қатысуымен төбелес болған. Алдын-ала ақпарат бойынша, жанжалға қатысушылар мас болған көрінеді. Сонда Егор басынан ауыр соққы алып, есінен танып қалған. Ол Кутузовский даңғылындағы пәтерден Боткин атындағы ауруханаға жеткізілген.
Егор – Максим Дрозд бен жүзуші Анастасия Бровкинаның ұлы. Актердің өзі көрерменге «Гражданин начальник», «Штрафбат», «Охота на пиранью», «Ликвидация», «День Д» фильмдері арқылы таныс.