Жамбыл ауданына қарасты Танты ауылында 200 балаға арналған «Танты бастауыш мектебі» пайдалануға берілді.
Мекеме білім беру стандартының соңғы үлгісі бойынша соғылып, заманауи технологиялармен жабдықталған. Оқушылар сабақтан тыс уақытта робототехника, домбыра, спорттық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік жасалған.
Танты ауылының балалары бұған дейін Шайқорық ауылына қатынап білім алған.