AMANAT партиясының жанынан құрылған TALQYLAU алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында айтылған мәселелер талқыланып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Оған партия басшылығы, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар қауымдастығы мен қоғам қайраткерлері қатысуда. Модераторы – AMANAT партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Саясат Нұрбек.
TALQYLAU алаңындағы алғашқы пікірталас AMANAT партиясының Youtube желісіндегі ресми аккаунтында және Астана телеарнасының @astana.tv Facebook-тағы парақшасында көрсетіліп жатыр.
Еске сала кетсек, бұл жаңа пікірталас алаңын құру бастамасы AMANAT партиясының XXII съезінде көтерілген болатын.