Талонмен тамақтанып жүр: Семейдегі жылу электр станциясының жұмысшылары тамыздан бері жалақы алмаған

   Семейдегі жылу электр станциясының жұмысшылары жалақысыз күн көріп жатыр. Қызметкерлер тамыздан бері айлық алмаған. Тіпті адал еңбектерінің ақысын нақты қай күні алатындарын да білмейді. Жүздеген адам тек зиянды аймақта жұмыс істегендерге берілетін талондарды азық-түлікке айырбастап жан бағып жүр. Ал станция басшылығы жұмысшылардың жалақысыз қалуына халықтың жылуға берешегі себеп дейді. Бұл туралы «Jambyl-Taraz»  ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.

Тамыздан бері айлық алмаған жылу электр станциясының қызметкерлері азық-түліктің өзін үнемдеуге көшкен. Өйткені жылда жылыту маусымы аяқталып, қайта қосылғанша қолдарына ақша тимейді. Тек зиянды аймақта жұмыс істегендері үшін сүт алуға берілетін талонмен амалдап күн көріп жүр. Жұмысшылар сол талондарды азық-түлікке немесе дайын асқа айырбастайтындарын айтады.

“Үш ай әлі зарплата алған жоқпыз. Неге кешіктіріп жатыр? Білмеймін. Отопительный сезон. Зарплатаны күтіп жатырмыз”, – дейді жұмысшы Болат Нұрғазин.

“Біз қазір үш ай алған жоқпыз. Иә, енді бірдеңе қылып күн көріп жүрміз. Тосамыз қашан беретінін. Ну қиын. Бізде жылдан жылға осылай”, – дейді тағы бір жұмысшы Нұртілеу Саимғұлов.

«Командирмен сөзге келіп қалғанан кейін бір апта жоғалып кетті»: Әскерден есі ауысып оралған сарбаздың досы шындықты айтты

Жылу -электр орталығының басшысы мыңнан астам жұмысшының еңбекақысы төленбегенін растады. Сөзінше, қызметкерлердің жалақысын халықтың жылуға берешегі кесірінен кешігіп жатыр екен. Мұндағы жұмысшыларға еңбекақыны мемлекет емес, тұтынушылардың жылу ақысына төлеген ақшасы есебінен беріледі. Тек биыл ғана қала тұрғындары мен бизнес нысандары жылуға 280 миллион теңге қарыз дейді. Ал директор жалақы орнына талон беріледі дегенді жоққа шығарды.

“Бізде теплокоммунэнергода сүт беріледі. Бірақ ол жалақымен ешқандай қатысы жоқ. Өйткені мына өндірісте жұмыс істейтін азаматтарға заңды түрде сүт мәселесі қаралған. Бірақ жалақының орнына көмір , сүт немесе басқа да тағамдарды беруге біздің заңды түрде құқымыз жоқ, – дейді Жылу-электр орталығының директоры Азат Сарпеков.

Дегенмен, басшылық қызметкерлерінің жалақысын он күннің ішінде толық төлеп беруге уәде етті. Ол тұтынушылардың қарызына қарамастан, биылғы жылу үшін жасалған төлем арқылы жұмысшылардың мәселесі толық шешіледі деп сендірді.

Comments (0)
Add Comment