Осыдан үш жыл бұрын Тальго пойызында зорланған әйелдің ісінде жәбірленушінің адвокаты болған Айгүл Оңдасынова үкім шыққаннан кейін арада көп уақыт өтпей көз жұмды. Бұл туралы «НеМолчи.kz» қоғамдық қоры екі жылдан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қор бұл ақпаратты жәбірленушіге зиян келеді дегенн күдікпен ұзақ уақыт бойы құпия сақтап келген.
“Тұлпар-Тальго пойызындағы жолаушыны екі жолсеріктің топтық зорлау ісі әлі күнге дейін есімізде. Біз екі жыл бойы үндемей келдік, өйткені сол жылы жәбірленуші буллингке, қудалауға ұшырады. Осы себепті оның адвокаты үкім шыққаннан кейін 10 күн өткен соң қайтыс болды деп хабарлағымыз келмеді. Біз зорлық жасағандарды ақтап алатын хейтерлер адвокаттың есіміне кір келтіреді деп қорықтық. Марқұм Қостанайдан Ақтөбеге сот отырысына 4-деңгейдегі онкологиясына қарамастан барып жүрген. Ол өзінің қорғауындағы азаматшаның қасында соңына дейін болды. Қатты сырқаттанса да бірде бір рет ауырып тұрмын, өзімді нашар сезініп тұрмын деп шағымданбаған”, – деп жазды қорда.
Қор қызметкерлері адвокаттың ауыр дертке шалдыққанын білмегенін айтады. Тіпті қайтыс болғанын да кейінірек естіген.
Қоғам белсенділері Айгүл Оңдасыноваға азаматтық ерлігі, кәсібіне адалдығы, өз қорғаушысына адалдығы үшін алғыс білдірді.
“Тальгодағы іс бойынша жәбірленуші бірінші адвокаты тарапынан сатқындыққа тап болған. Ол әйелге зорлаушылармен татуласуды ұсынған. Ол бұл адвокаттың қызметінен бас тартып, облыстық адвокаттар алқасына жүгінген. Сол кезде әйел облыстық адвокаттар коллегиясына жүгінеді. Онда жәбірленушіге Айгүл Оңдасыновны ұсынады. Шын мәнінде адвокат қолынан келгеннің бәрін істеді”, – деді қордағылар.
Үкім шығарылғаннан кейін кінәлілер 2,5 жылдан жаза арқалады. Он күн өткен соң Айгүл Оңдасынова көз жұмды.
Бұл үкім көпшіліктің наразылығын тудырды. Резонанстан кейін көлік прокуратурасы сот үкімінің заңдылығын зерттеуге шешім қабылдап, мән-жайды анықтағаннан кейін жолсеріктерге қатаң жаза сұрады.
Осылайша, 2019 жылы Қостанай қалалық №2 соттың үкімімен Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязов ҚР ҚК 120-бабы бойынша кінәлі деп танылып, жазалары ұзартылды. Олардың әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді деп шешілді.