Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойына орай Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өткен байқауға қатысты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Сараптау комиссиясының ашық отырысының қорытындысы бойынша Талас ауданының ТЖ бөлімі «Ең мейірімді ұжым» номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылды.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі