Таластағы тұрғын үйлер жаңаша кейіпке енеді

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданына жұмыс сапары барысында Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесіндегі №13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты.

80 пәтерлі тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ 3-мөлтекауданы №5 және №6 жатақханалардың құрылысын көрді. Жалпы 100 пәтерді құрайтын екі тұрғын үй қыркүйек айына дейін пайдалануға дайын болады деп жоспарлануда.
Тұрғын үйлер кезекте тұрғандарға беріледі.
Облыс әкімі құрылыстың сапасы мен мерзімі қатаң бақылауда болу керектігін, пайдалануға берілген соң тұрғындардан ешқандай шағым болмау керектігін ескертті.
Аулаларды абаттандыру бойынша да жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment