Таласта талай тірлік тындырылуда

Қазыналы Қаратауды бойлай қоныстанған Талас ауданда бүгінде тындырылған тірліктер аз емес. Соның арқасында өңірдің ахуалы жақсарып, халықтың әлеуметтік жағдайы артып келеді.

Айталық, өткен жылы Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бөлінген қаржы 2 483 399,0 мың теңгені құраған. Мәселен, «Ауыл –
ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша 470 018,0 мың теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 394,1 шақырым облыстық маңызы бар 6 жол, 193,49 шақырым аудандық маңызы бар 19 автомобиль жолдарының «жақсы» және «қанағаттанарлық» жағдайдағы үлесі бүгінгі күнге 96,5 пайызды құрап отыр.
2022 жылы аталған бағдарлама аясында Бостандық, Аққұм, Шәкіров, Талапты ауылдарында барлығы 23,6 шақырымды құрайтын 26 көшеге бюджеттен 470 миллион теңге қаржы бөлініп, орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған болатын. Сонымен қатар Қаратау қаласына оңтүстіктен кіреберіс 4,1 шақырым аудандық маңызы бар жолға бюджеттен 149 185,0 мың теңге қаржы қарастырылған еді. Бүгінде жалпы 145 778,4 мың теңгеге келісімшарт рәсімделіп, маусым айында жұмыстар басталып, тамыз айында жұмыстар толығымен тәмамдалған.
50/50 басымдық бойынша 15,8 шақырымды құрайтын Қаратау қаласындағы Ы.Алтынсарин, Жангелдин, Байходжаев, Ә.Молдағұлова, Қарашаұлы, Арыстанбаб Баба секілді 6 көшені және Мәйтөбе, Тұрымқұл, Тамды, Қызыләуіт ауылдық округтеріндегі әр елді мекеннен 1 көшеден жөндеу мақсатында бюджеттен 471 186,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу ашық конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігерлермен жалпы 433 493,5 мың теңгеге келісімшарт рәсімделіп, жұмыстар мамыр-маусым айларында басталып, өз бағытында жүргізіліп, толығымен ел игілігіне берілді.
Сондай-ақ үнемделген қаражат есебінен Қаратау қаласындағы Қошмамбетов көшесін орта жөндеуден өткізуге 15 366, 2 мың теңге және Көктал ауылында Абылайхан көшесін орта жөндеуден өткізуге 18 300,0 мың теңге, Қожағаппар ауылында Мырзахметұлы көшесін орта жөндеуден өткізуге 5 660,0 мың теңге аудандық бюджеттен бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталып, пйдалануға берілді.
Аудан орталығы Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы, Тамды Әулие, Шахтёр, Панфилов және Арбатас қатарлы 5 көшеге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ дайындауға бюджеттен 6,3 миллион теңге бөлініп, сараптамадан өтіп, қазіргі таңда бюджеттік өтінімге ұсынылған болатын. Аудандық маңызы бар Қаратау қаласына шығыстан кіреберіс, Қаратау қаласына батыстан кіреберіс және Майтөбе, Қызыләуіт, Тұрымқұл, Есейхан ауылдарына кіреберіс көлік жолдарына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, бюджеттік өтінімге ұсынылған. Жалпы құны 986 818,46 мың теңгені құрап отыр. Одан бөлек Қаратау қаласында жоба құны 437 737,7 мың теңгені құрайтын 7 көпір, Есейхан ауылында 1 көпірге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілген.
Аудан аумағындағы облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша
25 700,0 мың теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде аудандық маңызы бар 193,49 шақырым автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарын «EliteBuild Partners» ЖШС атқарған, келісімшарт сомасы –
25 700,0 мың теңге. Жіліктеп айтқанда, жұмылдырылған техника: «Урал» (күрегімен) 1 дана, «Камаз» күрегімен 1 дана, фронталдық тиегіш 1 дана, МТЗ-80 2,1 тіркемесімен 2 дана және 1 РУМ тіркемесі, құм 350 тонна және 150 тонна тұз. Аудандық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеу үшін 9 476,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, «EliteBuild Partners» ЖШС мердігерімен келісімшарт жасалған еді. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 319-тармағы «Әрбір адамға лайықты өмір сүру» жұмысын жалғастыру аясында жалпы 39 бейнебақылау камераларын орнату үшін бюджеттен 121 380,0 мың теңге қаржы қаралып, ашық конкурс жарияланған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, мердігер «Новые технологии» ЖШС-мен 97 104,0 миллион теңгеге келісімшарт рәсімделіп, бүгінгі таңда орнату жұмыстары толығымен аяқталып, іске қосылған. Сондай-ақ Қаратау қаласындағы 16 бейнебақылау камераларына тиісті техникалық қызмет көрсетуге 2 000,0 мың теңге қаралып, ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз «AIVIDEON» ЖК-мен 1 555,2 мың теңгеге келісімшарт рәсімделіп, қызмет көрсетілген.
Қала шамдары көшеге көрік берумен бірге, тұрғындардың жүріп-тұруы мен қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Осы мақсатта қала ішіндегі бағдаршамдарды жөндеу және оған техникалық қызмет көрсетуге 1 500,0 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер «Қазына City» ЖШС баға ұсыныстары тәсілі арқылы жеңімпаз атанып, жұмыстарды толығымен орындаған. Жол белгілерін қою бойынша 4 368,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз «Нұр-Мұхамед» ЖШС-мен келісімшарт рәсімделіп, тиісті жұмыстар атқарған болатын.
Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға 21 100,0 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда, аудан бойынша 2 маршрут бекітіліп, 2019 жылы қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдау аудандық әкімдік және «Қаратау Ақ-жол» ЖШС тарапынан ұйымдастырылған. 2019 жылы облыстық мәслихат шешіміне сәйкес, аталған маршруттар тұрақты әлеуметтік маршруттар тізіміне енгізіліп, субсидиялау жұмыстары жүргізілуде. Есептеліктерге сәйкес, өткен жылға №1, №3 маршрут бойынша 21 100,0 мың теңге қарастырылған. Қалалық екі маршрут бойынша барлығы 6 автобус қатынауда, күнделікті 20 рейс жүруде. Күнделікті 600-700 жолаушы тасымалдайтын маршруттың жол ақысы да қолжетімді. Айталық, ересек адамдарға 60 теңге, балаларға 35 теңгені құрайды. Ауданішілік маршрут бойынша «Arsen Trans Company» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, субсидия бөлу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Ағымдағы жылы Талас ауданы бойынша барлығы 48,3 шақырым автокөлік жолдары жөндеуге 1 млрд 908 811,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Бүгінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Үшарал және Ойық ауылдық округтерінде барлығы 15,65 шақырымды құрайтын 21 көшеге бюджеттен 663 миллион теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ал 50/50 басымдық бойынша Қаратау қаласына шығыстан кіреберіс 6,14 шақырым және Қызыләуіт ауылына кіреберіс 5,4 шақырым аудандық маңызы бар жолдарға бюджеттен 369 325,0 мың теңге қаржы қарастырылған қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы 16,8 шақырымды құрайтын Қаратау қаласындағы Қ.Сәтбаев, А.Байтұрсынұлы бұрылысымен, М.Есжанұлы, Е.Өмірұлы, Қ.Тоқтыбайұлы және Жарқынбеков қатарлы 6 көшені, сонымен қатар Мәйтөбе, Бөлтірік шешен, Есейхан, Қараой, Қасқабұлақ, Тамды, Көктал ауылдық округтеріндегі әр елді мекеннен 1 көшеден жөндеу мақсатында аудандық бюджеттен
445 812,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Қаратау қаласындағы 2,280 шақырымды құрайтын Б.Момышұлы және 2,011 шақырымды құрайтын Шахтер көшелеріне республикалық бюджеттен 387 606,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 43 068,0 мың теңге қаржы бөлініп, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тарапынан мемлекеттік сатып алу ашық конкурстары өткізілуде.
Салынған жолды күтіп ұстау да аса маңызды шаруа екені баршаға мәлім. Бұл бағыт бойынша Қаратау қаласындағы бейнебақылау камераларына тиісті техникалық қызмет көрсетуге, қала ішіндегі бағдаршамдарды жөндеу және оған техникалық қызмет көрсетуге, жол белгілерін қою бойынша мәслихат сессиясына ұсынылып, бюджеттік өтінім берілген.
Қай кезде болмасын ауыз судың сапалы болуы маңызды. Халық денсаулығының мықты болуы да сол судың сапасына байланысты. Жұртшылықтың талап-тілегі де біреу – ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Осы орайда Таласта талай жұмыс істеліп, жүргізілуде. Айталық, Талас ауданы Қаратау қаласына арналған Көктал су құбырын салуға 2 848 273,0 мың теңге қаралған. Аталған нысан 2020 жылы басталған болатын. Қаралған қаражат – 263 333,0 мың теңге, 2021 жылы бөлінген қаражат 1 716,516,0 мың теңге болса, өткен жылы 544 559,0 мың теңге бөлінген. Құрылыс нысаны бойынша 33,4 шақырым су құбыры, 32,4 шақырым 4 пластикалық құбыр, 1 шақырым темір құбыры жүргізілді, қажетті 4 ұңғыманың 2 данасы 270 метрлі, 2 данасы 140 метрлі. Бүгінгі таңда 2 дана 270 метрлі ұңғыманың толық қазылып, 125 құдықтың толық орнатылды.
Жоғарыда айтылғандай, Талас ауданындағы коммуналдық қызметтің басты бағыттарының бірі – елді мекендерді таза сумен қамту. Жалпы жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша 10 577,0 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Мұның ішінде Үшарал ауылын сумен қамту бойынша 5 557,0 мың теңге бөлініп, ЖСҚ әзірленді. Мердігер – «Тараз Гео Проект Люкс» ЖШС. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 485 766,7 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды. Ал аудан орталығының оңтүстік-шығыс бөлігінде «Бәйтерек» саяжайы орналасқан. Алаңы 58,0 гектар мұндағы учаскелер саны – 1 088, иесіз учаскелердің саны 618-ді құрап отыр. Саяжайда 263 үй, шамамен 450-ден астам адам тұрады. Арнайы мақсаты –
бағбандық және саяжай үшін. Суару жүйесі арық арқылы келеді.
Жоғарыда аталған «Бәйтерек» саяжай тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 5 148,0 мың теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жеңімпаз мердігер – «ВивоСтрой» ЖШС. Жобаның жалпы құны 870 363,0 мың теңгені құрайды.
Жалпы Талас ауданында 23 елді мекенінің 16-сы сумен қамтамасыз етілген. Ал қалған 7 елді мекен орталық ауыз су жүйесіне қосылмаған. Осыған орай ауыз сумен қамтылмаған Үшарал ауылын сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, 485 767,0 мың теңгеге Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған. Осыған орай, республикалық бюджеттен 200 000,0 мың теңге қарастырылды. Құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған.
Одан бөлек, Қаратау қаласындағы «Флора» саяжай алқабын сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, құны 870 363,0 мың теңгеге Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
Талас ауданына көгілдір отын желісінің жеткізілгеніне де біршама уақыт өтті. Бұл тұрғындардың тілегін орындаумен бірге, ауданның экологиялық ахуалы да біршама жақсартуға өз үлесін үлесін қоспақ. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан Аққөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елді мекендеріне газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2022-2023 жылдарға өтпелі. Сонымен қатар Талас ауданы, Майтөбе, Қожағаппар елді мекендерін газдандыруға Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан бүгінгі күнге 444 миллион 444 мың теңге бөлініп, «Билікөл» автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы жүргізілді. Аталған елді мекендерге газ құбырын тарту бойынша аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 1 100 000,0 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген болатын. Бүгінгі күнге Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
«Өз үйің – өлең төсегің» дейді халқымыз. Таластықтарды тұрғын үймен қамту мақсатында жылдар бойы жұмыстар жалғасып келеді. Айталық 2019 жылы Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Талас ауданы, Қаратау қаласында жаңғыртудан өткен 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаладағы №5 шағынауданда орналасқан №55 үйге қайта жаңғырту жұмыстарын мердігер «Темір-Байлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген еді. Жоба құны 228 миллион 450 мың теңгені құраған нысанға инфрақұрылымдық жұмыстары жүргізілген. Мереке қарсаңында пайдалануға берілген бұл арендалық тұрғын үйде екі бөлмелі 10, үш бөлмелі 30, төрт бөлмелі 20 пәтер бар. Аталған тұрғын үйге қоныс аударатын адамдардың тізімі аудандық тұрғын үй комиссиясы тарапынан жасақталған. Пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйден пәтер алған 60 отбасының 40-ы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тобына жатады. Оның ішінде көпбалалы – 17, толық емес – 15, мүгедек бала асыраушы 2 отбасы бар. Сондай-ақ 1 мүгедек және 5 оралман отбасы да пәтер кілтін иеленген. Қалған 20 пәтер мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер мен қызметтік пәтер иеленушілерге берілсе, 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай екі көпқабатты тұрғын үйдің кілті табысталған болатын. «Қазфосфат» ЖШС ұзақ уақыт бойы бос тұрған 72 пәтерлі үйді қайта жөндеуге 1,2 миллиард теңге жұмсаған еді.
2022 жылы Қаратау қаласы бойынша тұрғын үй қорынан көпқабатты тұрғын үй кезегіне тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасыларға 25 пәтер сатып алынып, кілттері табысталды. Сонымен қатар бөлім зерделеуімен анықталған 20 пәтер, яғни кезек ретімен пәтер алып, заңсыз жалға берген және өздері тұрмай, бос тұрған пәтерлер әлеуметтік осал топтағы мүгедектерге, толық емес, көпбалалы отбасыларға берілді. Бұған қоса өткен жылдың желтоқсан айында, кезекте тұрған жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кезек ретімен пәтер алып, заңсыз жалға берген және өздері тұрмай, бос тұрған 6 пәтердің кілті табысталған.
Бүгінгі күнге Талас ауданы бойынша 1 594 адам үй кезегінде тұр. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 74-бабына сәйкес, 2022 жылға кезек тізіміне түгендеу жүргізіліп, бекітілді. Аудан әкімдігінің интернет ресурсына орналастырылып, аудандық «Талас тынысы» газетіне жарияланды. Ағымдағы жылы қаңтар-наурыз айларында «Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы бойынша 33 жолданым түсіп, олар бойынша заң аясында тиісті шешімдер қабылданған.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment