Талас ауданында үш ауылға газ кіреді

   Талас ауданының 3 елді мекеніне газ кіреді. Аталған ауылдарға Ақкөл, Ақтөбе мен Қызыләуіт жатады. Ал тартылатын газ құбырын салуға 444 млн 444,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
      Бұл инфрақұрылымдық игілік «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалары бойынша іске аспақ. Спикер сонымен қатар, Талас ауданында «Билікөл» АГТС салуға да дәл осындай суммада қаржы қаралғанын айтты. Бүгінде 444 444,0 мың теңге бөлініп, газ жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аудан басшысы алдымен мемлекеттік бюджеттің кірістеріне тоқталып өтті. Айтуынша, салықтар түсімі бойынша жоспар 616 млн. 948 мың теңге болса, 2021 жылдың 1 шілдеге орындалуы 829 млн. 372 мың теңге болған. Бұл 134,4% деген сөз. Жоспар 212 млн. 424 мың теңгеге артық орындалған.
Есепті кезеңде Талас ауданында өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 23 млрд. 608 млн. 100 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 623 млн. 100 мың теңгеге артық орындалды. Өнеркәсіп өнімдері 11 млрд. 848 млн. 100 мың теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 102,0%-ды құрады.
«Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен 2 734 субъектісі тіркелген. Олардың 179 шағын-орта кәсіпорын. 1698 жеке кәсіпкер және 857 шаруа қожалық. Осы тіркелген субъектілердің 2 202 немесе 80,5 пайызы жұмыс істейді», – деді әкім.
Ауданда 2020-2021 оқу жылын 35 мемлекеттік мектепте 9 642 оқушы білім алады. Оның ішінде 4 137 оқушы бастауыш сыныптарында, ал 1-ші сыныпта 1 091 оқушы оқиды.
Жалпы әлеуметтік көмекке 913 млн. 780 мың теңге қаралған. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекке 646 млн.501 мың теңге, тұрғын үй көмегіне 45,0 млн.теңге, біржолы әлеуметтік көмекке 49 млн. 116 мың теңге, сондай-ақ, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 173 млн. 163 мың теңге қарастырылып отыр. 2021 жылдың 6 айында аз қамтылған отбасыларына көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмекке жоспарланған 117 млн. 001 мың теңгенің игерілуі 100 пайызды құрады.
Ауыл кәсіпкерлеріне көмек беру жылдан жылға жалғасуда. Ауылдық елді мекендерде микрокредиттер беруге 27 адамға 121,0 млн. теңге қаржы жоспарланып, 28 адам 90,3 млн. теңге алып 74,66 пайызды құраған.
Аудан бойынша елді мекендердің жайылым жері 45,6 мың гектарды құрайды. Ал малдардың жалпы саны 165,5 мың болса, нормаға сәйкес қажет ететін жайылым көлемі 140,1 мың гектар. Қосымша қажет ететін жайылым көлемі 94,6 мың гектарды құрап отыр.
Comments (0)
Add Comment