Талас ауданына қарасты ауылдарда Pfizer вакцинасының 1 компонентін қабылдады

Талас ауданына қарасты Ақкөл, Ойық және Көшек батыр ауылдарында ата—аналарының келісімімен 2004-2009 жылғы 35 жасөспірім Комирнати (Pfizer) вакцинасының 1 — компонентін қабылдады,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Жалпы Талас ауданы бойынша «Комирнати» (Pfizer) екпесін қабылдаған жасөспірімдер саны 137-ге жетті.

Соңғы мәліметтер бойынша Талас ауданына «Комирнати» (Pfizer) вакцинасының 390 дозасы жеткізілген. Оның ішінде бүгінгі күнге қолданылғаны — 150 доза. Екпе алғандардың ішінде 12-17 жастағы балалар саны – 137, жүкті әйелдер – 2, лактация кезеңіндегі әйелдер – 11 адам.

Еске салар болсақ, Талас ауданында 2021 жылдың 19 қарашасынан бастап, жүкті әйелдер мен балаларға коронавирусқа қарсы «Комирнати»(Pfizer) препаратымен вакцинациялау басталған болатын.
Бүгінгі күнде Талас ауданында вакцина алғандардың арасында кері реакция жағдайы тіркелмеген.

Comments (0)
Add Comment