Тал егудің тағылымы тереңде

Тоғызкент ауылының 80 жылдығы игі істермен жалғасты. Аудан әкімі Сәкен Мамытов бастаған, облыстан келген құрметті қонақтардың қатысуымен шырша отырғызу шарасы өтті. Жиылған халықтың қарасы мол. Ауыл тұрғындары да игі іске атсалысып, жақсылыққа ниет етіп, 80 дана шырша ағаштарын отырғызды.

Қазақ халқының болмысында табиғатқа деген шексіз құрмет пен терең түсінік қалыптасқан. «Бір тал кессең, он тал ек» деген нақыл сөз – қазақ халқының қоршаған ортаға деген жауапкершілігінің айқын дәлелі. Ағаш – тек жасыл желек қана емес, ол адамға сая, табиғатқа қорған, болашаққа мирас болары анық.

Comments (0)
Add Comment