Талғат Ешенқұлов белсенді студенттермен кездесті

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов белсенді студенттермен дәстүрлі кездесуі өткізді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Еркін форматта ұйымдастырылған жиын Қайрат Рысқұлбеков атындағы «Шахмат» алаңының ашық аспанында болды. Жастардың ойын тыңдап, алдағы жоспарларымен танысқан ректор білімгерлерге сәттілік тіледі.

Аталған іс-шараға модератор – ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі Арнат Ұлтанбаев, Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Альмара Наурызбекова, Студенттердің құқығы бойынша Қуаныш Абдикаримов, «SANALY  URPAQ» фронт офисінің мүшесі Мақсат Баймақаш қатысты.

Кездесу нәтижелі және қызықты өтті. Барлық қатысушылар өздерін еркін сезініп, әртүрлі сұрақтар қойып, ректордың студенттік өмірі мен еңбек жолына  қызығушылық танытты.

Ректор өз сөзінде, білім алған университетін басқарып отырғанына қуанышты екенін айтып, студент-жастарды жаңашылдыққа құштар болып, үнемі ізденісте жүруді және адалдықты ту етуге шақырды.

Кездесу соңында Талғат Ешенқұлов жиынға қатысқан студент-жастарға белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғысын білдірді.

Дулати Университетінің медиа-қызметі

Comments (1)
Add Comment
  • Ansar

    Өте керемет кісі