Тайвань премьер-министрі Су Чжэнчан Қытайдың өз күштерін әсіре пайдаланғанын айтты. Ол Тайбэйдің Бейжің қысымына және оның арал тұрғындарын қорқыту әрекетіне көнбейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Саясаткер Қытайды әскери әлеуетін көрсетуді тоқтатуға шақырды.
«Қытай аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзу үшін әскери әрекетке барды. Біз ешқашан қысымға берілмейміз. Біз бостандық пен демократияны қолдаймыз және Қытайдың қысым әрекеттерін құптамаймыз», – деді Су Чжэнчан.
Сонымен қатар ол Қытай үкіметінің аралдар айналасындағы әскери ойынын тоқтатуын сұрап, соның кесірінен тек Тайвань емес, басқа да мемлекеттердің зардап шегетінін жеткізді.
“Бұл әрекеттерге жалған Тайвань мемлекеті емес, көрші елдер де наразылық танытуда. Ал АҚШ секілді бостандықты сүйетін ел бұл жағдайды тіптен айыптауда”,- деп қосты ол.
Министр сонымен қатар арал тұрғындарын кибершабуылдар арқылы жалған ақпарат тарату салдарынан рухани сындыру әрекеттері де жасалғандығын айтты.
Еске салсақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайбэйге сапарынан кейін Қытай Тайвань аралдарына әскери жаттығулар өткізіп, қысым жасай бастаған болатын.